$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман түсіп, көктайғақ болады: 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстік бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады

 
Тұман түсіп, көктайғақ болады: 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: vlast.kz

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болып, солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында, тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, түнде облыстың орталығында көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары