ШҚО-да қарапайым көлік жүргізушісі әлем чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыда өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты

 

Өскемен қалалық өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты.

«Ерзат Сақабанов 57 кг салмақта өнер көрсетті. Ол бір ай бұрын Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Енді тағы бір жеңіске жетті. Ерзат Өскемен қаласындағы №9 Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді», - делінген ШҚО ТЖД қызметінің Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, жекпе-жек — грэпплинг, джиу-джитсу, еркін күрес және каратэ өнерінің ережелері аралас спорт түрлерінің бірі.