$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде өткен тәулікте пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ

Коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 20 адам көз жұмды

Елімізде өткен тәулікте пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 4 желтоқсандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 20 адам қайтыс болды.

4 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 326 адам коронавирус инфекциясынан (–21 013+ және 3 313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 994 пациент стационарда, 19 332 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

349 адамның жағдайы ауыр,

96 пациенттің жағдайы өте ауыр,

60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 2 желтоқсандағығы мәлімет бойынша 112 жаңа жағдай тіркелді, 214 адам жазылып шыққан, көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 82860; 

- өлім жағдайы – 5161;

- барлығы 74 386 адам сауығып шықты.

 
Серіктес жаңалықтары