Тиісті заңды Франция парламентінің төменгі палатасы мақұлдады
Франция тұрғындарына мектептегі қудалау мен мектептегі қорлау үшін айыппұл салынып, түрмеге қамала бастайды. Мұндай жағдайлар үшін оқушыларды да, оқытушыларды да жауапқа тартатын болады.
Мектептегі зорлық-зомбылыққа кінәлілерге 45 мың еуроға дейін айыппұл салынып, оларға үш жылға бас бостандығынан айыру қаупі төнеді. Сонымен қатар, егер қудалаудың салдарынан зардап шеккен адамның оқуын жоғалтқаны дәлелденсе, түрме мерзімі сегіз жылға дейін ұзартылады.
Жергілікті басылымдар оқу орнында қорқыту нәтижесінде өзін-өзі өлтіру оқиғасы тіркелсе айыппұл мөлшері 150 мың еуроға дейін артады, ал түрме мерзімі он жылға дейін артады деп жазады. Тиісті заңды Франция парламентінің төменгі палатасы мақұлдады, ол бойынша Сенатта дауыс беру ақпан айында өтеді.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың мамыр айында Францияның білім министрлігі мектептерге жазбаша түрде гендерлік бейтарап сөздерді қолдануға тыйым салған болатын.