03.12.2021, 09:12
Жаңалықтар
Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 373 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ
Өткен жылдың 13 наурызынан бері 82 748 адам пневмониямен ауырды
Фото: egemen.kz
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы мен пневмония жұқтырған науқастардың жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 884 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 5 199 пациент – стационарларда, ал 19 685 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 373 адамның жағдайы ауыр,
- 93 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 55 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
«1.12.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 14 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 28 адам емделіп шықты», - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, өткен жылдың 13 наурызынан бері 82 748 адам пневмониямен ауырса, 5 161 науқас қайтыс болды, ал жазылып шыққандар саны – 74 172.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады