Қостанай облысында өрттен екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт 6 қаңтарда болған

Фото: Alau.kz

6 қаңтарда сағат 01:40 шамасында Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Веренка ауылында жер үй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Алау» басылымына сілтеме жасап.

Үй толықтай өртеніп кеткен. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өрт 07:03-те толығымен сөндірілді.  

«Қарабалық ауылындағы орталық аудандық ауруханасына мүмкіндігі шектеулі 1956 жылғы ер адам жеткізілген. Оның денесін 30-40 пайыз күйік шалған, оның жағдайы ауыр», - дейді Қостанай облыстық ТЖД өкілдері. 

Сондай-ақ, оқиға орнында екі адамның мәйіті табылды. Олардың кім екені және өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.