Ақтөбе облысының батысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады
«Қазгидромет» РМК ауа райының өзгеруіне байланысты төрт өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 желтоқсан күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
1 желтоқсан күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады, қарқыны – 15-20 м/с шамасында.
1 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
1 желтоқсан түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.