Жоғалған екі азаматтың бірінің денесі табылды
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған
Батыс Қазақстан облысында полиция іздестіріп жатқан екі ер адамның біреуінің денесі табылды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент мәлімдемесіне сүйенсек, оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болды. Осы ауылда тұрған 39 жастағы ер адам 25 қараша күні түнгі сағат 01.00-де үйінен шығып кетіп оралмаған. Іздестіру іс-шаралары барысында марқұмның денесі 27 қараша күні ауыл маңында Жайық өзенінің жағасынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Ал Январцев ауылының 34 жастағы тұрғыны 23 қарашадан бері табылмай жатыр. Қазіргі кезде оны іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 57 адамға іздеу жарияланса, соның 8-і табылған жоқ.