$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

9 айда елордада 1500-ден астам жүкті әйел коронавирус жұқтырған

Оның ішінде 2 әйел қайтыс болды

9 айда елордада 1500-ден астам жүкті әйел коронавирус жұқтырған
Фото ашық дереккөзден

Соңғы 9 айда елордада бір жарым мыңнан астам жүкті әйел коронавирус індетіне шалдыққан, деп хабарлайды 24.kz арнасы. 

Олардың 320-сында індет белгілері байқалған жоқ. Қалғаны дене қызуының көтерілуі, жөтел, іш, тамақ және бас ауруына шағымданды. Өкінішке қарай, 2 әйел көз жұмды. Олар дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Бұл туралы елордада өткен акушер-гинекологтардың халықаралық конференциясында айтылды.

 Осы орайда мамандар жүкті әйелдерді үйде өз бетінше емделмей, ауруханаға келіп тексерілу қажеттігін ескертеді. «Індетке қарсы вакцина салғызған да жөн» дейді мамандар.

«Өткен 9 айда қалада үш жүкті әйел көз жұмды. Олардың екеуі коронавирус инфекциясын жұқтырды. Тағы біреуі қатерлі ісікке шалдыққан. Былтырғы көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, 2020 жылы 4 жүкті әйел бақилық болды. Олардың ағзасынан да COVID-19 вирусы анықталды», - деді медицина университетінің кафедра меңгерушісі Зайтуна Хамидуллина.

Серіктес жаңалықтары