25.11.2021, 21:18
Жаңалықтар
Тоқаев шахтада болған апатқа байланысты Путинге көңіл айтты
Ресейдің Кемерово облысында көмір шахтасы өртеніп, 6 адам қаза тапты, тағы 49 кенші жер астында қалып қойды
Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 16:20
Шығын – 4,1 млрд теңге: Астанада Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды