24.11.2021, 09:13
Жаңалықтар
Елімізде соңғы бір жылдан аса уақытта 5,1 мыңнан астам адам пневмониядан қайтыс болды
Соңғы бір жарым жылда 966 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Қазақстанда коронавирустан 26 адам, ал коронаирус белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
22 қарашада күнгі көрсеткішке сәйкес коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Ал 288 науқас емделіп шықты.
Өткен жылдың 1 тамызынан бері көрсеткіш:
- ауырғандар – 82127 науқас;
- қайтыс болды – 5129 науқас;
- жазылып шықты – 72 994 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 905 адамнан анықталды, 26 адам көз жұмды. Ал 1502 науқас індеттен емделіп шықты.
2020 жылдың 13 тамызынан бергі көрсеткіш:
- ауырды – 966 423 науқас;
- жазылды – 929 120 науқас;
- қайтыс болды – 12 603 науқас.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
05.01.2026, 08:40
Бибісара Асаубаева жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
05.01.2026, 15:15
«Қылмыс жасады»: Ақтөбе облысының полициясы жас жігітке іздеу жариялады
05.01.2026, 20:39
Атырау облысында жұмбақ күйде жоғалған жанұяға қатысты іс «Адам өлтіру» бабымен тергелуде
05.01.2026, 10:12
«Йогамен шұғылданамын, үстел теннисін ойнаймын»: Тоқаев денсаулығы туралы сұраққа жауап берді