$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда пара алған мемлекеттік кірістер департаментінің маманы сотталды

Оған 46 еселенген сома көлемінде айыппұл салды

Алматыда пара алған мемлекеттік кірістер департаментінің маманы сотталды
Фото ашық дереккөзден

Сотталушы Қ. қылмыстық әрекетін бір жарым жыл тұрақты жасап отырған. Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) маманы ұзақ уақыт сыйақы алып келген. Кедендік әкімшілендіру департаментіне қарасты тауарларландыру декларациясы бақылау бөлімінің бас маманы ақшаны брокерлерден декларацияны тазарту үшін көрсеткен әрбір қызметіне 3-5 мың теңге аралығында ақша алған. Сыйақының жалпы көлмеі 800 мың теңге. Оған бірнеше рет пара алу фактісі бойынша (ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі) айып тағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін кеден брокерлерден декларацияны тазарту жөніндегі пара ретінде ақшалай сыйақы алған. Бір декларацияның құнын 3000 теңгеден 5000 теңгеге дейінгі сомаға бағылаған. Сонымен, кеденнен алынған 17.01.2020 бастап 27.06.2021 аралығындағы кезеңде өзінің ресми өкілеттіктерін пайдаланып және серверге қол жеткізе отырып, WhatsApp мессенджері арқылы брокерлердің декларациялық нөмірлерін тазалап және пара берушілердің пайдасына декларацияларды рәсімдеген, бұл үшін оның жеке кабинеті «KaspiGold» қосымшасы арқылы кеден брокерлерінен ақшалай сыйақы пара алған. Жалпы алған параның сомасы – 800 000 теңге», - деп хабарлады Медеу аудандық №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысында сотталушы Қ. өзіне тағылған айып бойынша кінәні толық мойындап, істеген ісіне өкінген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, осыған байланысты үкім, мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 36,8 миллион теңгені құрайтын 46 еселенген сома көлемінде айыппұл салды. 

«Сот жаза мөлшерін белгілегенде қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде қылмысын толық мойындап, шын жүректен өкінетінін және бұрын сотты болмағанын ескерді. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде жаза тағайындау кезінде сот бірінші рет жасаған кінәсін мойындау және шын жүректен өкінуі ескерілді. Сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ», - делінген хабарламада.

 Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары