КВИ таралуы бойынша тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте республика бойынша 1047 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қарашада жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Матрицаға бойынша:

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары;

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1047 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 962 781 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 24 адам көз жұмды.