Қонақ үйден тамақ пен су сынамалары алынды
Түркияның танымал курорттық қаласының 5 жұлдызды қонақ үйінде 73 турист демалу кезінде уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Оқиға Стамбул мен Анкара арасында орналасқан тау шаңғы курортында болды. Туристер Koru қонақ үйінде уланды. Кешкі астан кейін бірден 60 студент өздерін нашар сезінгені анықталды. Олар іштің ауыруы, диарея және құсу туралы шағымданды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер "тамақтан улану"диагнозын қойды. Таңертең стационарлық емдеуді қажет ететін саяхатшылар саны 73-ке жетті.
Провинцияның ауылшаруашылық бөлімінің қызметкерлері қонақ үйден тамақ пен су сынамаларын алды. Сараптама нәтижелері туралы әзірге хабарланған жоқ. Бір күннен кейін кейбір науқас ауруханадан шығарылды. Қалғандары емделіп жатыр.