Мадагаскардың ондаған мың тұрғыны аштыққа ұшырауы мүмкін

Azattyq Rýhy

БҰҰ өкілі Мадагаскардың климаттың өзгеруіне байланысты аштық алдында тұрғанын мәлімдеді

Фото ашық дереккөзден

Мадагаскар әлемде алғаш рет жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты болатын аштық алдында тұр. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасының (ГМҮБ) ресми өкілі Йенс Ларке осындай болжамымен бөлісті, деп хабарлайды ТАСС.

Ларке елдің соңғы 40 жылдағы қатты құрғақшылықты бастан өткеріп жатқанын, ондаған мың жергілікті тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету қиын екенін атап өтті.

ГМҮБ әлемдік қоғамдастықтан Мадагаскарға қол ұшын созу үшін гуманитарлық көмекті қаржыландырудың арнайы бағдарламасына сай 231 миллион доллар бөлуді сұрады.

Басқарма өкілі донорлар 120 миллион доллар ұсынғанын айтты, бірақ бұл сома азаматтарды тамақпен, сумен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.