19.11.2021, 21:17
Жаңалықтар
Ақтау әуежайында авиаотынды заңсыз сатқан қызметкер ұсталды
Барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған
Фото ашық дереккөзден
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ ЖЖМ қызметінің жүргізушісі А.Әбдікамаловты авиациялық отынды заңсыз сату әрекеті кезінде ұстады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу барысында ол әуежайдың ЖЖМ қоймасының меңгерушісі М.Чапаевпен бірге авиациялық отынды (керосинді) ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды. Олар керосинді литріне 120 теңгеден сатқан. Алыпсатарлар отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға литріне 150-160 теңгеден сатқан.
Барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған.
Енді олар 3 жылға бас бостандығынан шектеледі.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды