«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Солтүстікте жауын-шашын, қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі

«Қазгидромет» РМК 20-22 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20-21 қарашада Солтүстік-Батыс суық антициклон, республиканың шығыс жартысына әсерін сақтайды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Елдің батыс жартысы ауа райының тұрақсыз сипаты, күтілетін Атлантикалық циклонның әсерінде болады. 22 қарашада батыстан шығысқа қарай жылжып, Атлантикалық циклонның шұңқыры елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты жауын-шашын, қар, көктайғақ, екпінді жел түрінде, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

Батыста ауа температурасының негізгі фоны түнде 2 аяз-5 жылу, күндіз 0-10 жылу.  Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 6-16-дан 0-9-ға дейін аяз, күндіз 0-9-ға дейін аяз, республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-28-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 5-15-тен 5-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-15-тен 5-ке дейін аяз, күндіз 0-10-нан 5-15-ке дейін жылу болжанады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.