$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы мен Доха арасында әуе рейсі ашылды

Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген

Алматы мен Доха арасында әуе рейсі ашылды

Бүгін «Qatar Airways» әуе компаниясының Алматы-Доха бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов, Қатардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, «Qatar Airways» әуе компаниясының шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой қатысты.

«Рейстер аптасына 2 рет 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А-320 әуе кемесімен орындалады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы «Qatar Airways» әуе компаниясының140-тан астам бағыттағы желісін пайдалана алады.

Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген», - делінген министрлік хабарламасында.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру және жаңаларын ашу жұмыстарын жүргізуде.

Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік ұйымы «Qatar Airways» әуе компаниясын «Жыл әуе компаниясы» деп жариялағанын айта кету керек.

Серіктес жаңалықтары