Қазақстан Үкіметі мен ресейлік Cбер компаниялар тобы цифрлық үкімет платформасын құру туралы меморандум жасаған
Шетелден келген алаяқтық қоңыраулардың үлесі 70%-ға жетті, бұл ретте астыртын колл-орталықтардың ең көп саны Украинада орналасқан. Бұл туралы Azattyq Rýhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір шетелден келген алаяқтық қоңыраулардың үлесі 70%-ға жетті, мұндай байланыс орталықтары тек Ресей азаматтары үшін «жұмыс істейді». Мұндай қоңыраулардың негізгі көзі – Украина аумағы, дәлірек айтсақ Днепр қаласы, бұрынғы Днепропетровск. Орыс тілді жастардың саны көп, ал адал табыс табу мүмкіндігі жеткіліксіз», - деді Сбердің басқарма басшысының орынбасары Станислав Кузнецов.
Оның айтуынша, соңғы бір жылда Днепрдегі алаяқтықпен айналысатын байланыс орталықтарының саны 1000-нан 150-ге дейін азайды.
«Ең қарапайым схема бойынша жұмыс істегендер жойылды: «Сіздің картаңыз бұғатталған, CVV кодын жазыңыз». Алдаудың өзге де түрлі амалдары бойынша жұмыс істейтін ірі орталықтар қалды», - деп түсіндірді Сбер басқармасының орынбасары.
Айта кетейік, Қазақстан Үкіметі мен ресейлік Cбер компаниялар тобы цифрлық үкімет платформасын құру туралы меморандумға қол қойған болатын.