19.11.2021, 10:14
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді
Президент білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Қ.Тоқаев Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.
«Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр», - деп жазды Б.Уәли өзінің Facebook-парақшасында.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды