Дәулет Хамитұлы Сембаев бүгін түнде қайтыс болды
Белгілі қаржыгер Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратты ҚР Ұлттық Банкі растады.
Әр жылдары ол ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы, Сенат депутаты болып жұмыс істеді, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарды.
Дәулет Сембаев Қазақстандағы зейнетақы реформасын жасаушылардың бірі ретінде танымал.