$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауғанстанның тоғыз азаматы Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен

Олар Жамбыл облысы арқылы шекарадан өтіп, Қазақстанға келген

Ауғанстанның тоғыз азаматы Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында Ауғанстанның 9 азаматы Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен деп хабарлайды, "Адырна" ұлттық порталы.

Басылым келтірген дерекке сүйенсек, үстіміздегі жылдың қазан айында 9 Ауғанстан азаматы Жамбыл облысы арқылы шекарадан өтіп, Қазақстанға келген. Олар бүкіл республиканы аралап шығып, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Даринское ауылының маңында шекараны заңсыз кесіп өткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауғандықтарды ресейлік қауіпсіздік күштері ұстаған.

ҚР ҰҚК Ауғанстан азаматтарының шекараны заңсыз кесіп өткені туралы ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, бұл факті 2021 жылдың 10 қазанында ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Тергеу басқармасында тіркелген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігі "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Серіктес жаңалықтары