14.11.2021, 13:28
Жаңалықтар
Елімізде жусаннан коронавирусқа қарсы дәрі жасалады
Бұл туралы Үкімет басшысы мәлімдеді
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық дәрі жасалатын болды. Ғалымдар дәріні өз жерімізде өсетін жусаннан жасайды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл жөнінде Сенат депутаттарының жолдаған сауалына жауап ретінде премьер-министр Асқар Мәмин мәлімдеді.
Үкімет басшысының айтуынша, вирусқа қарсы дәрі жасау ісі екі бағдарлама жүзінде қарастырылған. Үш жылға 500 миллион теңге бөлінген бірінші бағдарламаны Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты жүзеге асырады.
Екінші бағдарлама бойынша кешенді жұмысты "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС атқаратын болды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды