Ертіс өзеніне Қызыл кітапқа енген балықтар жіберілді
Елімізде сүйрік балықтарын аулауға тыйым салынған
«Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері Ертістегі балықтардың түрлі құрамын толықтырды. Ғылыми институттың ұсынысы бойынша мамандар өзенге жойылу қаупі төніп тұрған 500 сүйрік балықтарын жіберді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодарға Қарағандыдан жеткізілген балықтар автомобиль көпірінің артындағы өзенге жіберілді.
«Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, осы учаске температура бойынша ең қолайлы, ол балық өсірілген орынға ұқсас», - деп түсіндірді «Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы Мақсұт Жақыпов.
Мамандар Ертіске балықты жібермес бұрын балықтың шошып кетпейтініне көз жеткізуі керек. Ол үшін сүйрік болған ыдысқа өзен суы қосылады, сондықтан оларға жаңа жағдайларға бейімделу оңайырақ.
Павлодар балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Серік Апсаликовтың айтуынша, «Қазақстан алюминийі» АҚ биыл су қоймаларына сүйріктерді бірінші болып жібере бастаған. Бекіре тұқымдас балықтардың популяциясы баяу қалпына келеді: «тауарлық» түрге дейін өсу үшін балыққа 5-6 жыл қажет, олар тек 6-7 жастан бастап уылдырық шаша бастайды.
Павлодар алюминий зауытының қызметкерлері су қоймаларына балық жіберуді жыл сайын жүргізеді, тек балық түрі мен жіберілетін орны өзгереді. 2019 жылы Торайғырға, 2020 жылы Усолка өзеніне тұқы балықтары жіберілді.
Айта кетерлігі, сүйрік – Қызыл кітапқа енген балық, оны аулауға тыйым салынған. Тәртіп бұзушылар ҚР Қылмыстық Кодексінің бабы бойынша жазаланады.
Қалалық балық инспекциясы бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері сүйрікті аулаған браконьерлерден келтірілген шығын 3 млн теңгеге бағаланған.