Түркістан облысында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі АШМ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысындағы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алған. Қазіргі уақытта бірқатар лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы бойынша ІІД УҰИ-ға қамауға алынды», ˗ делінген хабарламада.