$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тәртіп бұзғандардың бәрін бақылауға алдық»: Алматы облысының әкімі Пенжім ауылындағы жағдайға тоқталды

Өңір басшысы көмір мәселесіне де тоқталды

«Тәртіп бұзғандардың бәрін бақылауға алдық»: Алматы облысының әкімі Пенжім ауылындағы жағдайға тоқталды
Фото: ашық дереккөзден

Пенжім оқиғасында қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы  бақылауға алынған. Оқушылардың төбелесін пайдаланып көшеге шыққан адамдардың бәрі органдардың бақылауында болады. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, Пенжімдегі төбелес мектеп дәлізінде екі оқушының соқтығысып қалуынан шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Балалар дәлізде иықтарымен соқтығысып қалған. Төбелес содан шыққан. Басы тасқа тиген баланың жағдайы жақсы, ол ауруханадан шықты. Ата-аналары бір бірінен кешірім сұрасты. 9, 10-сынып оқушыларының арасындағы жағдайды пайдаланып, көшеге шыққан, қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бәрін бақылауға алынды. Мен ҰҚК, полиция, сот бәрімен жиналыс өткізіп, тапсырма бердім. Қазір ол жердегі адамдар осы оқиғадан соң бір-біріне қарауға ұялады. Бәрі сол ауылда туып-өскен. Көбі бір-бірімен туыс. Ұйғырлар қазаққа, қазақтар ұйғырға үйленген. Бүгінгі күні ол жерде жағдай тұрақты. Әкім ретінде жауапкершілікпен айтамын, оны ұлтаралық қақтығыс деп айтуға келмейді. Олай айтудың қажеті жоқ. Ұлты ұйғыр Закиржан мен қазақ Серік екеуі барлық шығынды өтеп берді.  Бізде ұйғыр, түрік, шешен, орыстар сынды жүзден астам ұлт пен ұлыс  тату-тәтті тұрып жатыр», - деді облыс әкімі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі көмір мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек  кентінде көмірдің тапшылығын айтып, трактордың тиегішінде видеоға түскен әйел алыпсатарлықпен айналысқан. 

«Мен бірден айтайын, облыста  көмір тапшылығы жоқ. Бұл сұрақ менің жеке бақылауыма алынған. Арзан, сапалы көмірмен халықты қамтамасыз етеміз. Өңірде 77 көмір базасы бар. Облыстағы тұтыну көлемі –  1 млн 300 мың тонна. Көмір жетіспеушілігін айтып видеоға түскен әйел сол жерде ұзақ уақыт жұмыс істейді. Оның үш машинасы бар. Ол әйел сол жерден көмір алып, оны көтерме бағамен қайта сатқан. Көмірдің спекуляциясымен айналысқан. Оны салық басқармасына тексеруді тапсырдым. Сол күні 10 вагон көмір тұрған. Өңірде көмір тапшылығы жоқ», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Серіктес жаңалықтары