Ішкі істер министрлігі шетелдік тіркеуі бар көлік иелері үшін Call-орталық ашты
Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды
Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірінде шетелде тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталықтар ашты. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы проблеманың маңыздылығына, сондай-ақ ІІМ есептік деректерінен өз көліктерінің Ресей Федерациясында тіркелгенін тексеруге байланысты азаматтарға ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылды деп хабарлады. Ол телефондар арқылы жүргізушілер полицияға өздеріне маңызды ақпарат алу үшін жүгіне алады.
Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.
«Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ҚР ІІМ сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты», – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.