$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы жыл басынан бері қанша пайызға өсті

Қазан айында жалдау ақысы бір шаршы метр үшін 1888 теңгеге жетті

Қазақстанда тұрғын үй бағасы жыл басынан бері қанша пайызға өсті

Қазақстанда 2021 жылдың 10 айында жаңа тұрғын үйді сату бағасы 13,8%-ға өсті, деп хабарлайды LS.

Жаңа тұрғын үйді сату бағасы 2021 жылғы қазанда 1 шаршы метр үшін 352 654 теңгені құрады, бұл жыл басындағыдан 13,8%-ға артық және бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,6%-ға ұлғайған.

Сонымен қатар, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату құны жыл басынан қазан айына дейін 1 ш.м. үшін 19,6%-ға, 279 216 теңгеге дейін өсті, бұл ретте жыл ішіндегі өсім 23,7%-ды құрады.

Ал қазан айында жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін 1888 теңгеге жетті, бұл жыл басындағыдан 15,1%-ға және бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,9%-ға артық.

Ұлттық статистика бюросы 2013 жылдан 2020 жылға дейін тұрғын үй бағасының өсуі туралы деректерді келтірді.

Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бойынша өсу қарқыны 2013-2015 жылдар аралығында 9,6%-дан 15,8%-ға дейін ұлғайды. Тек 2016 жылы 3,6%-ға төмендегенi тіркелді. Содан кейін 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін қарқын 1,3%-дан 6,4%-ға дейін өсті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш – 5%.

Жаңа тұрғын үйді қайта сатуда бағаның өсу қарқыны 2013-2014 жылдары 13,8%-дан 17,6%-ға дейін өсті. Содан кейін үш жыл ішінде төмендеу байқалды – 9,1%-дан 1,6%-ға дейін. 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін қарқын 1,9%-дан 13,2%-ға дейін ұлғайды.

Ал жалдау ақысы бойынша қарқын 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін – 13,7%-дан теріс 0,2%-ға дейін төмендеді, ал 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін – 3,8%-дан 8,1%-ға дейін ұлғайды.

Серіктес жаңалықтары