ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жасанды ет пен дәрі қосылған тамақ: адамзат алдағы он жылда не жейді?

Forbes Life басылымы дұрыс тамақтану мен жаңа технологиялар туралы мақала жариялады

Фото: forbes.ru

Forbes Life басылымы алдағы он жылда гастрономия саласын не күтіп тұрғаны туралы мақала жариялады, деп жазады  Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алдағы он жылда такси жүргізушілері электромобильдер мен өздігінен жүретін көліктер кесірінен жұмыссыз қалады. Яғни, келіп жеткен он жылдықта технологиялардың даму жылдамдығына көз ілестіру мүмкін болмайды», - деп жазады басылым.

Автор жаңа өзгерістер кезеңінде азық-түліктер де өзгеретінін айтады.

«Дүкендер ешқайда жоғалмайды, бірақ оған баратын адам саны азаяды. Сонымен қатар кассасы жоқ, ақыны мобильді қосымша арқылы төлейтін дүкендер артады», деп жазады автор.

Оның айтуынша, тамақ өндірісінде этикалық және экологиялық мәселелерге байланысты ет пен сүт өнімдері азаяды. 

«Жасанды ет пайда болады, сонымен қатар дәрілер тамаққа қосылады. Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда дәстүрлі экономиканың 5 пайызы технологиялық өзгеріске ұшыраған, яғни, алдағы он жылдық үлкен өзгерістердің басы болады», - деп жазылған мақалада.