$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 29 адам ата-ана құқығынан айырылды

2 255 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматыда 29 адам ата-ана құқығынан айырылды
Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласында 29 адам ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі – қала және аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау.

«Жыл басынан бері комиссиялардың отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесіне қатысты түрлі фактілер бойынша 297 материал қаралды. Нәтижесінде, 29 алматылыққа ата-ана құқығынан айыру түріндегі шектен тыс шара қолданылды, 2 255 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 жасөспірім девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына, бір кәмелетке толмаған жасөспірім ерекше режимдегі арнайы білім беру ұйымына жіберілді», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Серіктес жаңалықтары