Ұлттық экономика министрі азық-түлікке айына қанша ақша жұмсайтынын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

«Біздің де отбасымыз дәл сіздердікіндей», дейді министр

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Мәжіліс үйінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ай сайын отбасына азық-түлікке 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бәрі сатып алатын нан, сүт, қант аламыз. Басқа не айтуым керек екен? Біздің де отбасымыз дәл сіздердікіндей», – дейді Әсет Ерғалиев.

«Азық-түлік алуға ақшасы жетпейтін халыққа қандай кеңес айтасыз» деген журналист сауалына, мемлекеттік бағдарламалар есебінен халықтың табыс табуына жағдай жасалады деп жауап берді министр.

Бұған қоса, Ұлттық экономика министрі инфляцияны тұрақтандыру бойынша қойылған сауалға «жаһандық дағдарыс» ықпал етті деп қысқа қайырды.