$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 11 мен 15 жас аралығындағы электронды темекі шегетін жасөспірімдердің саны үш есеге артқан

Никотинді тауарды тәулік бойы үйіңізге тегін жеткізіп беретін пабликтерде, анонимді телеграм каналдарда жүздеген жарнама самсап тұр

Елімізде 11 мен 15 жас аралығындағы электронды темекі шегетін жасөспірімдердің саны үш есеге артқан
Фото ашық дереккөзден

Құны 2 мың теңгеден басталатын вейптер кәмелетке толмаған жеткіншіктерге емін-еркін сатылуда. Елімізде 11 жастан 15 жасқа дейінгі электронды темекі шегетін жасөспірімдердің саны үш есеге, ал қыздар арасында екі есеге өскен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мәди Ахметов төменгі палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Дүкен былай тұрсын, әлеуметтік желіні ашсаңыз, никотинді тауарды тәулік бойы үйіңізге тегін жеткізіп беретін пабликтерде, анонимді телеграм каналдарда жүздеген жарнама самсап тұр. Тапсырыс берушінің жасын сұрап, бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Тіпті кейбір мектептерде жоғарғы сынып оқушылары бастауыш сыныптарға бір реттік темекінің құнына ақша қосып сатып, әуестендіріп жүр», - дейді Ахметов.

Мәжіліс депутаты келтірген деректерге сүйенсек, еліміздің ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының соңғы 2019 жылғы зерттеулерінің мәліметіне бойынша 11 жастан 15 жасқа дейінгі электронды темекі шегетін жасөспірімдердің саны үш есеге, ал қыздар арасында екі есеге өскен. Көш басында 3,9 пайыз көрсеткішпен алматылық жасөспірімдер тұр. Аталған зерттеу соңғы екі жыл жүргізілмегендіктен қазіргі жағдай мүлде белгісіз екен.

Мәжілістің ең жас депутаты Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған сауалында Үкіметке аталған мәселені бақылауына алуын сұрады.

«Шұғыл түрде бір реттік вейптерді зерттеп, құрамын бұқараға жария етіп,  мәселенің мән-жайы анықталғанша, құзыретті мекемелерден бір реттік шылымды сатылымнан алып тастауды сұраймыз. Мектеп маңындағы дүкендерге қоғамдық бақылау ұйымдастырып, заңды белшесінен басқандарға қатаң шара қолдану керек. Мектептегі әлеуметтік педагогтардың  потенциалын кешенді түрде жасөспірімдер мен ата-аналар арасында жүйелі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағыттау қажет», - деді Ахметов.

Серіктес жаңалықтары