АҚШ азаматтары Қазақстанға екпе алған жағдайда ғана келе алады

Автор: Azattyq Rýhy

Бекітілген тізімге бірқатар вакцина енгізілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 8 қарашадан бастап АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша санитарлық қадағалау басқарамасы немесе ДДҰ мақұлдаған препараттармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды растайтын сертификаты (паспорты) бар адамдарға ғана АҚШ аумағына кіруге рұқсат етіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бекітілген тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac сияқты вакциналар кіреді.

«Осыған байланысты, аталған сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша ресімделуі тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексереді», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, вакцинациялауға құжатпен қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.