Қазақстан түрмедегі қылмыскер саны бойынша 223 елдің ішінде 98-орынға жайғасты – Finprom
Рейтингте АҚШ 1-орында тұр
Түрмедегі қылмыскерлер саны бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 98-орында. Бұл көрсеткіште 100 мың тұрғынға шаққанда тұтқын саны 157 адамға жеткен деп хабарлайды Azattyq Rýhy Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейтингте АҚШ 1-орында. ТМД елдерінің ішінде Түрікменстанның жағдайы нашар. Рейтингте 2-орынға ие болды. Беларусь (20-орын) пен Ресейде (24-орын) жағдай ҚР-ға қарағанда едәуір нашар екенін көруге болады. Әзербайжан (63-орын), Молдова (79-орын) және Қырғызстан (96-орын) елдері түрмедегі қылмыскерлер саны бойынша Қазақстаннан алда тұр.Тізімде Қазақстаннан кейінгі орынды Украина, Тәжікстан, Армения және Өзбекстан иеленген.
Қазақстанда құқық бұзушылық жасаған адамдардың ішінде 1000-нан астамы кәмелетке толмағандар болса, оның 736-і – оқушылар. Тұтқындалғандардың ішінде 37,8 мың адам ресми түрде жұмыссыздар санатына жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағандардың ішінде ІІМ-нің 276 қызметкері, ҰҚК-нің 6 қызметкері, прокуратураның 4 қызметкері, Экономикалық тергеу қызметінің 8 қызметкері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2 қызметкері, 8 әкім, 5 судья, 1 депутат, 6 сот орындаушысы болған.