Нұр-Сұлтанда карантин талаптары жеңілдеді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір елорда «сары» аймақта

Фото ашық дереккөзден

Елорданың мемлекеттік бас санитар дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға сәйкес елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсуді талап етті. Яғни «сары» аймақ критериіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметі қайта жандандырылады.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға «сары» аймақ критериіне сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері бекіткен қаулы ережесін қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады.