30 қазанға арналған ауа райы болжамы
Еліміздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Фронтальдық бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, елдің шығыс және оңтүстік аймақтары ғана жоғары қысым алқабының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, солтүстігінде бұрқасын болады, солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында желдің күшейеді, солтүстік-шығыста көктайғақ болады», - делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысында, түнде шығыста 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, батыста екпіні 25 м/с дейін жел соғады, түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз солтүстікте, батыста көктайғақ, бұрқасын болады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м / с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады, түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз батысында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м / с күшейіп, түнде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында, солтүстік-батысында тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында тұман, Алматы облысының тауларында көктайғақ болады.