$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Facebook-тің атауы Meta болып өзгерді

Марк Цукерберг өз компаниясының бір әлеуметтік желімен ғана емес, бүкіл «метағаламмен» байланысты болғанын жөн көрген

Facebook-тің атауы Meta болып өзгерді
Видеодан кадр

Facebook-тің атауы Meta деп өзгерді. Бұл шешімді оның негізін қалаушы Марк Цукерберг ребрендингке арналған тұсаукесерде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Енді біз Мета деп аталамыз», - деді Цукерберг сөзінде.

Сондай-ақ компания негізін қалаушы көк түсті Mебиус лентасы түрінде салынған жаңа логотипін көрсетті. Атауын өзгерту арқылы компания бір ғана әлеуметтік желімен шектелмейтінін, WhatsApp, Instagram, Oculus және өзге де активтерді біріктіретін күш екенін көрсеткенді жөн көріпті.

Компания жазда Facebook-тің Reality Labs құрамына кіретін «метағалам» әзірлеу тобын жинайтыны туралы хабарлаған еді. Ол топ виртуалды (VR) және кеңейтілген (AR) шынайы жобалармен жұмыс істейді.

Meta гректің μετα сөзінен шыққан, яғни «кейін» немесе «сыртта» дегенді білдіреді. Бұл брендтің символикасы – болашақта болатын нәрселерді белгілеу.

Оқи отырыңыз: Facebook әлеуметтік желісінің жаңа атауы Meta.com  болуы мүмкін

Айта кетсек, қазан айының ортасында Цукербергтің Facebook атауын өзгертуді жоспарлап отырғанын хабарланған болатын. Марк Цукерберг компанияның бір әлеуметтік желімен ғана емес, бүкіл «метағаламмен» байланысты болғанын жөн көрген. Оның айтуынша, бұл идеяны мектепте оқып жүргенде-ақ ойластырып қойған. Ол алдағы бес жылда компания өз пайдаланушыларының көз алдында түбегейлі өзгеретінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары