$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2021, 12:28
Жаңалықтар

Қар аралас жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі

Қар аралас жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Wallpapermania.eu

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 28-30 қазанына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдағы күндері солтүстік циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады — қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал еліміздің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ, 28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі.

«Республика бойынша тұман болжанады. Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз негізгі фон 5-15 жылуды, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3-ке дейін, күндіз 3-10-нан 0-8-ге дейін, орталықта түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз 0-10-нан 2-13-ке дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5-ке дейін, күндіз 2-13-тен 0-13-ке дейін 5-15 жылуды құрайды. Оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылу, күндіз 7-15 жылу, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5 жылу, күндіз 10-18-ден 7-15 жылу аралығында ауытқиды», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары