1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

1 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 2020 жылдың 1-қаңтары күні ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қаңтардың 1-і күні еліміздің басым бөлігінде жауын және қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқып, екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде көктайғақ болып, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріңде бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ал, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, бұрқасын, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады.

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлеріңде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлеріңде тұман түседі.