$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 06:32
Жаңалықтар

Феминистер"Франция аруы" байқауының ұйымдастырушыларын сотқа берді

"Endemol Production" сұлулық байқауының құрылтайшысы еңбек заңнамасын бұзды деп айыпталуда

Феминистер"Франция аруы" байқауының ұйымдастырушыларын сотқа берді
Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы The Telegraph хабарлайды.

Феминистер Сұлулық сайыстарына қатысуды "жұмыс ретінде қарастыруға болады" деп санайды, өйткені қыздар конкурсқа қатысу үшін уақытты дайындыққа, репетицияға, макияжға жұмсауы керек.

Сонымен қатар, феминистер қатысушыларға қатысты кемсітушілік талаптарға шағымданды. Ұйымдастырушылардың талабы бойынша, қатысушылар келбетті, балалары мен күйеуі жоқ және бойы 165 сантиметрден жоғары болуы керек. Одан бөлек, қыздарға айыппұл салуға немесе дисквалификациялауға болатын басқа да шектеулер бар. Олардың қатарына ұзартылған шаш, пирсинг немесе татуировка, салмақ жинау, сонымен қатар көпшілік орындарда темекі шегу және алкоголь ішу жатады. Феминистер мұндай талаптар олардың құқықтарын шектейді деп санайды.

Серіктес жаңалықтары