Италия азаматы зейнетақы үшін анасының мәйітін екі жыл бойы үйінде жасырып келген
Екі жылға жуық уақыт бойы ол анасы үшін айына 1700 еуро алып отырыпты

Миланның Буччинаско қаласының тұрғыны екі жыл бойы анасының өлімін жасырып, денесін шкафта сақтаған. Ондағы мақсаты – анасы үшін мемлекеттен зейнетақы алу, деп хабарлайды la Repubblica басылымы.
50 жастағы ер азаматтың анасы 2019 жылдың қараша айында Альцгеймер ауруының агрессивті түрінен қайтыс болған. Мұны білетін әлгі ер адамның танысы оның өз достарына «анам қарттар үйінде тұрады» деп айтып жүргенін кездейсоқ естіп қалады. Сөйтіп, әлгі азаматты қыспаққа алғанда, ол анасының денесін әлі жерлемегенін, бірақ жақын уақытта мұны жүзеге асыратынын айтып ақталады. Алайда ол өз сөзінде тұрмаған. Сөйтіп, шыдамы таусылған таныс әйел тәртіп сақшыларына хабарласқан. Полиция қызметкерлері қарт анасының денесін үй ішіндегі шкафқа жасырынған балшық толы сөмкеден тауыпты.