19.10.2021, 05:08
Жаңалықтар
Ливия жағалауында мигранттар мінген кеме суға кетіп, 80 адам құтқарылды
Олардың арасында балалар мен әйелдер бар
Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.
Жалпы Ливия Жерорта теңізі арқылы Еуропаға бет алған босқындар үшін транзиттік мемлекет саналады. Былтыр жергілікті жағалау қызметі 12 мыңға жуық адамды құтқарған. Ал 300-ден астам мигрант көздеген жеріне жете алмай көз жұмған. Қазір мұндағы орталықтарда 600 мыңға жуық босқын бар. Олардың лагерьде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқаны жиі хабарланады.
Халықаралық ұйым өкілдерінің хабарлауынша, кейінгі уақытта мекеме қызметкерлерінің мигранттарға зорлық-зомбылық көрсету оқиғалары көбейген.
Көп оқылған
12.06.2026, 15:37
«Топтасып зорлаған»: Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз босанды
12.06.2026, 16:36
«Әйелім есінен танып қалды»: Жамбыл облысының тұрғыны полиция қызметкерін жұмысына дейін іздеп барған (ВИДЕО)
12.06.2026, 09:12
Алматыда 13 жастағы бала қатарласын 9 жерден пышақтап, аяусыз өлтірді
12.06.2026, 15:41
Түркістан облысында ұлына қымбат көлігін беріп, дүкенге жіберген әке полицияға ұсталып қалды