Сегменттегі жабық компаниялардың саны шамамен 36%-ға өсті
Жыл басынан бері Қазақстанда 17,2 мыңға жуық заңды тұлға жұмысын тоқтатты. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,5%-ға көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі lsm.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылдың тоғыз айында сауда, авто және мотоцикл жөндеу салалары ең көп зардап шеккендер тізімінде көш бастап тұр. Аталған бағыттарда 6 мыңнан астам заңды тұлға жойылған. Бұл сегменттегі жабық компаниялардың саны шамамен 36%-ға өсті. Ал құрылыста өсім 43%-ды, өңдеу өнеркәсібінде 33,5%-ды, қаржы және сақтандыру қызметінде 57,3%-ды құрады.
Жалпы, жойылған заңды тұлғалардың өсуі 19 сегменттің 17-нен байқалады. Қалған екі операцияда - жылжымайтын мүлікпен және мемлекеттік басқаруда көрсеткіш керісінше төмендеді.