«Қара жәшіктегі» жазбалар 10 қаңтарға дейін жария болады – вице-премьер

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы түбіндегі апаттың хронологиясы  

Ресейлік мамандар  ұшқыштардың «қара жәшікке»  жазылған соңғы сөздерін тыңдап, жантүршігерлік апаттың нақты себебін анықтауы тиіс. 

«Ештеңені жасырмаймыз. Ешкімді қорғамаймыз. Тергеу кезінде алынған барлық мәліметті жария етеміз. Ұят пен жауапкершіліктен ешкім қашып құтылмайды», - деді Премьер министрдің орынбасары Роман Скляр.

Ал ІІМ ұшақ апатының үш себебін атады. Bek Air басшылығы болса, ұшақтың апатқа ұшырауын әуежайдан көріп отыр.