Бурабайда фототұзақ арқылы сілеусін мекендейтіні анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Фототұзақ арқылы анықталды

Фото: ашық дереккөзден

«Бурабай» ұлттық паркінің фототұзағы алғаш рет өте сирек кездесетін аң түрі - сілеусінді түсіріп алды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Ұлттық парк өзінің Instagram-аккаунтында атап өткендей, сілеусін өте сақ жануар, сондықтан оны жасырын камерамен суретке түсіру өте қиын.

«Сілеусін - мысықтар отбасының ең сымбатты түрі, ол адамға ешқашан бірінші болып шабуыл жасамайды», - деп жазды Instagram парақшада.