Елордалық емхана жаңа КТ-аппаратымен жабдықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аппарат жүрек-қантамыр жүйесіне толық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді

№4 қалалық емханада ангиографиямен компьютерлік томографияның жаңа аппараты орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми хабарламасына сілтеме жасап.

Кардио-пакеті бар заманауи жабдық жүрек-қантамыр жүйесіне толық диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

Кардио-КТ-ның артықшылығы - жүрек-қан тамырлары ауруын инвазивті емес әдіспен жою мүмкіндігі.

«Қазіргі пандемия диагностикалық жабдықтардың болуы медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететінін, ауруларды анықтау бойынша көмекшінің бір түрі болып саналатынын, медициналық көмек көрсету сапасын жақсартатынын көрсетті. Осыған байланысты қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы қалалық ауруханаларды ғана емес, сонымен қатар бастапқы буынды ұйымдарды да жоғары технологиялық аппараттармен жабдықтау туралы шешім қабылдады. Елордалықтарға ыңғайлы болу үшін қаланың барлық ауданында орналасқан медициналық ұйымдарын жабдықтауды жоспарлап отырмыз», - деді басқарма басшысы Тимур Мұратов.

Елорданың барлық тұрғыны ТМККК аясында және қатаң түрде дәрігердің жолдамасы бойынша жаңа КТ-аппарат арқылы диагностикадан тегін өте алады. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жабдық емхананың басқа бөлігінде орналасқан, онда ғимараттың бір тұсынан кіреберіс қарастырылған.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, осындай тағы 3 КТ аппараты сатып алынбақ. Олардың екеуі қалалық емханаларға, біреуі қалалық ауруханаға орнатылады. 2020 жылы осындай екі жабдық елорданың медициналық ұйымдарына жеткізілді.

Бұрын халықты диагностикалық қызметтермен қамту үшін флюорографиялық тексеру бойынша 2 цифрлық жылжымалы кешен, 6 рентген-аппарат, 2 КТ сатып алынды.