Сарбаздардың әскерге аттанған сәтін оқушыларға үлгі етті

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға әскерилердің өмірі жайлы фильм көрсетілді

Елордадан жас жігіттердің тағы бір тобы әскерге аттанды. Ұлттық гвардияның 5573 әскери бөлімінен 35 шақырылушыны Ұлттық ұланның Тараздағы әскери бөліміне шығарып салды. Салтанатты шараға мектеп оқушылары, балалар мен жасөспірімдерден құралған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. Оларға кинологиялық орталықтың үйретілген иттерінің қабілеті, әскерилердің өмірі жайлы фильм көрсетілді.

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің штаб бастығы - подполковник А. Сағынбеков әскерге аттанып бара жатқан жастарға сәттілік тіледі.

«Құрметті шақырылушылар, сіздер аса жауапты қызметке бара жатырсыздар. Ұлттық ұлан - Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сіздерге ел сенім артып отыр. Қызметтеріңізді үздік атқарып, әскери антқа адал болыңыздар. Жолдарыңыз болсын!» - деді ол.