ІІМ ұшақ апатының үш себебін атады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұшақ бөлшектеліп, Алматыда тексеріледі

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Bek air ұшағы апатына қатысты пікір білдірді.

«Қазір тергеу тобы Алматыдағы әуе апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебін қарастырып жатырмыз. Біріншісі - экипаждың қателігі. Екіншісі-борттың техникалық ақауы. Үшіншісі-навигациялық қызметтің жұмысы»-, деді Е.Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, қазір оқиға болған жер тыңғылықты тексерілуде. Ұшақ бөлшектеліп, Алматы әуежайында қаралады екен. Ал апат кезінде бензин жанбапты.

«Бақытқа орай, ұшақтың бензин багы бүлінген сол жақ қанаты жанған жоқ. Жанармайдың жартысы төгілді. Күн суық, жер қар болғандықтан ештеме жанбады»,- деді министр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан