$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2019, 16:58
Жаңалықтар

Ауа райы: еліміздің төрт аймағында ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді

Ауа райы: еліміздің төрт аймағында ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты еліміздің төрт облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап. 

«29-30 желтоқсан күндері Қостанай облысының кей аумағында көктайғақ болады. Дауыл болу ықтималдығы 90-95%. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде боран болып, тұман түседі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрса, ал күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 25 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерінде де тұман, көктайғақ сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Сондай-ақ, Түркістан облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкент және Түркістан қалаларында тұман түседі», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, еліміздің кей өңірінде де тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары