ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында пәтер ұтысы тікелей эфирде өтеді

Оған 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында екпе алғандар қатысады

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны 7 қазан күні сағат 14:10-да Хабар телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі бөлмелі пәтер Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықта, «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі — «G-Park» құрылыс компаниясы.

«Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қаладағы вакцинация пункттерінің (медициналық мекемелердегі, сауда ойын-сауық орталықтарындағы) кез келгенінде екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады. Сонымен қатар, тікелей эфирде пәтерден бөлек өзге де бағалы сыйлықтар ойнатылады: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т.б.», - делінген ведомство хабарламасында.

Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол екпе алғандардың ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша Сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.